Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА

Бүгін, 26 қараша күні «Жастар Отанға!» жобасы аясында Елбасының айқындаған бағыттары, оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі жайында жастармен диалог өтті. Кездесудің қонағы Нұрхан Ағниязов жас буынмен өзінің тәжірибесімен бөлісіп, 90-шы жылдарда болған жайттарды баяндады.

«Ол кезде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысып жаттық. Құлаған Кеңес ұкіметінен бізге жұмыс істемейтін зауыттар мирас боп қалды. Барлық байланыс үзіліп, халық далада қалды. Алға ауданында мен әлеуметтік мәселеге жауап беретін әкімнің орынбасары болдым. Сол кезде күн сайын 40-50 адам қабылдауға келетін. Олар не айлықтарын, не зейнетақысын ала алмайтын. Өзіңнің анаңдай, әкеңдей адамның көз жасын көріп, қатты қынжылатын едік. Осындай күрделі сәтте елді аман алып қалған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор», - деді Нұрхан Ағниязов.

Сондай-ақ, Елбасының ядролық қару мәселесін шешудегі рөлі туралы сөз қозғалды. Қазақстанның шекарасын бекіту, елорданы көшіру туралы да ой өрбіді.

«Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда тек Қазақстан ғана өзінің шекарасын нық бектіліп алған. Осының арқасында соңғы 30 жылдық тарихымызда көршілес мемлекеттермен ешқандай жанжал болып көрмеген. Бұл Елбасымыздың көрегенділігін көрсетеді», - дейді Нұрхан Сабыржанұлы.

0
0
255

Еще по теме

ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА - Yvision.kz