Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТ!" АТТЫ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

#ҰлттықМұра

📷📷📷"ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТ!" АТТЫ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Ұлттық Мұра партиялық жобасы аясында Қарасаз БПҰ ұйымдастыруымен жас қыздарға Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және қазақ халқының дәстүрлерін танымал ету мақсатында сиыр сүтінен алынатын өнімдерін жасау мастер-классы өтті.

Қыздарымыз сиыр сүтінен алынып, құрт жасауға дайын тұрған қатықтан әр түрлі пішіндегі құрттарды жасап үйренді.

📷Тарихқа көз жүгіртетін болсақ:

Кезінде АЛЖИР лагеріндегі ашқұрсақ жандар ала таңнан тұрып, қас қарайғанша суыққа тоңып, саз кешіп, қамыс шабады. Аштық пен ауыр жұмысқа төзбеген тұтқындар күн сайын қырылып жататын. Сөйтіп жүрген күндердің бірінде, сол маңдағы Жаңашу деп аталатын ауылдан бір топ кәрі-құртаң шал-кемпір мен жас балалар тұтқындарға жақын келіп, онсыз да тағдыр тауқыметін тартып жүрген әйелдерді таспен атқылай бастайды. Онсыз да тағдырдың тауқыметіне ұшырап, жазықсыз қудаланып, барынан айырылған әйелдерге жергілікті қазақтардың бұл қылығы жығылғанға жұдырық болып тиеді. Ал ауыл адамдары тас атқылауын тоқтатпай, үнемі келіп тұруды әдетке айналдырған.

Бірде тұтқындағы Гертруда Платайс өзіне қарай құлаш сермей лақтырылған кесектен жалтармақшы болып бұғып қалғанда аяғы сүрініп жерге құлап түседі. Өмірге әбден налып, көз жасы көл болған әйел әлгі жерде ірімшік пен құрттың исін сезеді.

Сөйтсе өздері де бір кездері аштықты бастарынан өткерген жергілікті тұрғындар, тұтқын әйелдерге жандары ашып, көмектесуді ойластырған екен. Тұтқындарды жек көріп, оларға тас атқан тәрізді бола отырып, күзетшілерді алдайды. Осы арқылы тағдырдың талқысына түскен әйелдерді тамақтандырады. Олардың осы бір аз көмегінің өзі тұтқындарға демеу болып, өлімнен аман қалуына септігін тигізген. Осы құрттың арқасында аман қалған тұтқындардың бірі Гертруда Платайстың естеліктері Раиса Голубеваның

«Құрт – асыл тас» атты өлеңді жазуына арқау болады.

0
0
156

Еще по теме

"ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТ!" АТТЫ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ - Yvision.kz