ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУ-ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!
Қайта қалпына келтіру поездының жұмысшыларымен кездесу!
Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және насихаттау мақсатында Қайта қалпына келтіру поездының жұмысшыларымен кездестім.Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының қаламызды дамыту бойынша 7 бағытпен таныстырып,насихаттадым.Насихаттау барысында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда, мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімдігін қамтамасыз ететіндігі айтылып, бүгінгі таңда, қаламызда 1770 адам тұрғын үй кезегінде тұрса,биыл 2 көпқабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекті тұрғындарға берілетін болады.2025 жылға қарай 1 адамға шаққана тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 15 тен 18 шаршы метрге жеткізіледі.Осынай басымдықтарға қолжеткізу үшін "Nur Otan" партиясы ықпалымен:
-2021 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы "Барыс" шағын ауданында 60 пәтерлік 1 тұрғын үй (3 мың ш.м) құрылысын салуға;
-2022 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы "Барыс" шағын ауданында 1 тұрғын үй (3 МЫҢ Ш.М) құрылысын салуға;
-2023 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы "Барыс" шағын ауданында 1 тұрғын үй (3 МЫҢ Ш.М) құрылысын салуға;
-2021-2025 жылдар аралығында жеке тұрғындар қаржысы есебімен Арыс қаласы "Тараз-2" мөлтек ауданында егжей-текжейлі жоспарлау жобасы бойынша 300 га, 2051 учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады;
-Арыс қаласы "Отырар-2" мөлтекауданында 270 гектарға, 1202 учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады.
Нәтижесінде 2025 жылы 1 адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 18 шаршы метрге жетеді деп жоспарлануда. Кездесу соңында Қайта қалпына келтіру поездының мекемесінің жұмысшыларының жұмыспен қамту,зейнет ақы және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап беріп, "Nur Otan " партиясы жұмысындағы басты бағдар-жұртшылықтың талап тілектерімен мұң-мұқтаждықтары екенін атап өттім.Қайта қалпына келтіру поездының жұмысшылары "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын ұжым болып қолдайтындарын айтты.
