Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУ-ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Вагон пайдалану депосының жұмысшыларымен кездесу!

Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және насихаттау мақсатында Вагон пайдалану депосының жұмысшыларымен кездесіп, насихаттау парақшаларын және кітапшаларын тараттым.Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының қаламызды дамыту бойынша 7 бағытпен таныстырдым.

Бұл үшін "Nur Otan"партиясы:

- Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде "Еңбек","бизнес кеңесші" курсымен жыл сайын 300 ден аса азаматтарды өз кәсібін ашу үшін оқуға ықпал етіу;

-Жыл сайын "бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 5 азаматқа грант ұсынылған;

-"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1150 ге жуық азаматтарға стартап гранттар мен төмен пайызбен несие алуына жағдай жасауға;

-"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге бағытталған жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 95,5 %-ға өсіп кәсіпкерлер саны 4,2 мыңға жетіп,жұмысшылар кондигентін 6,9 мыңға адамға жететін болады.

Кездесу соңында Вагон пайдалану депосының жұмысшыларының жұмыспен қамту,зейнет ақы және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап беріп, "Nur Otan " партиясы жұмысындағы басты бағдар-жұртшылықтың талап тілектерімен мұң-мұқтаждықтары екенін атап өттім. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын ұжым болып қолдайтындарын айтты.

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУ-ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

0
0
118

Еще по теме

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУ-ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА! - Yvision.kz