Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДҰРЫС АРМАНДАЙ АЛУ — ҚИЫННЫҢ ҚИЫНЫ

Адамдарды жақсы көремін. Бұл біреуге жақсы көріну үшін жазылып отырған қулық емес. Шын сөзім. Кейде жақсы, қажетті мақала, санаңызды өзгертуге көмектесетін ақпарат көрсем, бөліскім келіп, бір тамшы пайдам тисе екен деп, "бүлініп" жататыным да содан болар.
Кеше бір құрбым өміріне көңілі тола бермейтіндігі жайында сыр шертті. Баяғы жартас сол жартас. Сүйген адамы, яғни тірегі болса, өмірі басқа болар ма еді деген болжамы да жоқ емес. "Сүйгенің неге жоқ?" - деп сұрадым мен сол #жақсықыз - дан. Өз басым естуге әдеттеніп қалған "Білмеймін" деген жауап алдым.
"Ал, мен білемін. Сонау бір космосқа, белігісіз тылсым күш иесіне СЕН сүйікті болуға ТАПСЫРЫС бермедің. Ол сенің жалғыз екендігінді біледі, иә, себебі сен күн сайын сол туралы айтасың, налисың, бірақ саған тірек болар АЗАМАТтың ҚАЖЕТ екендігін Ол білген емес.
Алайда, бүгін де кеш емес. Бүгін 26 тамыз. Қалам ал. Қойың дәптеріңді шығар жаз.
15 қыркүйек (әлде кез-келген басқа бір болашақтағы күн. Өзің белгіле, Тек асықпа!) 2016 жыл. Мен Оны кездестірдім. Көзіміз ең алғаш түйіскен сәтте мәңгі бірге болатынымызды сездім.
27 қыркүйек 2016 жыл. Оның талғамы биік. Маған сыйлаған раушан гүлінің түсі - менің сүйікті түсім.
28 қыркүйек 2016 жыл. Бүгін еріндеріміз ең алғаш рет түйісті. Осы бір ләззат сезімді басымнан кешкенім үшін мың тәубә!
30 қыркүйек ...
Тағы, тағы солай сияқты. Өз өміріңді жоспарлап, жазып шық. Әрине, өмір өмір ғой. Бәрін болжау мүмкін емес. Бірақ Сол бір тылсым күш Иесі сенің жоспарыңды көріп, оны орындау үшін саған барынша қолғабыс жасайтындығын мен жақсы білемін. Және ескерту, сен болашақ датаны қойып, сол басыңнан өткендей жазуды ұмытпа! Ең басты қағида -сол. Ал одан кейін сенім. Барлығы да сен айтқандай, сен армандағандай тамаша болатынына деген сенім.
Жаздың ба, қиын ба екен? Иә, ДҰРЫС АРМАНДАЙ АЛУ - қиынның қиыны. Бірақ, бірнәрсеге сенсеңіз болғаны. АРМАНДАР ОРЫНДАЛМАЙ ҚОЙМАЙДЫ!"

0
0
809

Еще по теме

ДҰРЫС АРМАНДАЙ АЛУ — ҚИЫННЫҢ ҚИЫНЫ - Yvision.kz