ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген медицина саласындағы басымдықтарды айтып берді.
Мемлекеттің тағы бір маңызды міндеті – ұлт денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру екенін Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында нақты келтірген. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетінін де жеткізді. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны жыл сайын көбейе бермек. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітілетінін де айтты, - деді аудандық қоғамдық штаб мүшесі Д.Мерешов.
Ал, штаб мүшесі, аудандық аурухана дәрігері О.Көбесова «Адам жанына Алладан кейін арашашы болатын өздеріңіз, алдағы маңызды күнді де бірге жұмылып, абыроймен өткізейік» - деп ұжымының ерең еңбегін атап, сайлауда дауыс беруге шақырды
Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайын жақсартып, медициналық қызметке қолжетімділікті арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсарту - бағдарламаның басты бағыты. Ұжымымыз әрқашан бір жағадан бас бір жеңнен қол шығырып жұмыс істеп келеміз. Сондықтан алда болатын саяси науқанға халқымыз бір ел болып белсене қатысайық, — деп кездесуді қорытындылады.
#Toqaev2022
