Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бастау алған «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы аясында Мұғалжар аудандық ауруханасының медицина саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мұғалжар ауданы бойынша бүгінде Мұғалжар аудандық ауруханасы, Ембі аудандық ауруханасы және «Шапағат» ауруханасы тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Аталмыш мекемелерде 457 дәрігер мен медбике еңбек етуде. Соңғы екі аптада мұғалжарлық дәрігерлердің еңбегімен мекемелер мен кәсіпорындар жұмысшыларына, құқық қорғау мен білім беру салаларының қызметкерлеріне вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Кездесуде аудан әкімі А.Шериязданов тұрғындардың амандығы үшін әлемге жайылған аты жаман індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлердің барлығы да Гиппократ антына адалдық танытып жүргенін атап өтіп, алғысын білдірді. Аудан әкімдігінде өткен кездесуге аудандық мәслихаттың депуттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері қатысты.

0
0
161

Еще по теме

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ - Yvision.kz