"ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ"
"ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ"
Бүгін "Дәрігерлерді ардақтайық" жобасы аясында "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалының ұйымдасуымен, аудандық мәслихат депутаты Баякеева Раушан Бердібекқызының құттықтауымен, ауданымыздың білікті дәрігерлерінің бірі Ерболат Нургазиевичті құттықтап, дәрумендер жиынтығын сыйға тартты.
Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі әрі бірегейі Ерболат Нургазиевич!
Еліміздегі пандемия кезіндегі кәсибилігіңізді, өз қызметіңізбен міндеттерге жауапкершілікпен қарап, аянбай еңбек еткеніңіз үшін алғыс білдіреміз!
