ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ
Бүгін «Nur Otan» партиясының «Дәрігерлерді ардақтайық» жобасы аясында Мұғалжар аудандық ауруханасының және Шапағат ауруханасының індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне құнарлы жеміс-жидек және сүт өнімдері себеттері табыс етілді. «Nur Otan» партиясының Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Бектұрғанов және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Бұхарбаев дәрігерлерге атқарып жатырған жұмыстарына алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. Демеушілік білдірген «Фин-Люкс» ЖШС-дегі партия мүшелеріне алғысымыз шексіз!



