Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДӘРІГЕРЛЕР Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ!

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Кентау қалалық Қоғамдық штабтың өкілдері Т.Балабиев, М.Гайруллаев, Қ.Елеусізов, Қ.Бекметов, С.Мурзахметовтер «Кентау медицина орталығы» ЖШС ұжымымен кездесті. «Азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімдігі арта түседі. Біз мемлекет пен бизнес мүмкіндігін біріктіре отырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртумен айналысамыз. Бұл ұлт денсаулығын жақсартуға, адам өмірі ұзақтығын арттыруға мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Біз әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтып, халықтың мұқтаж топтарын қолдаудың жаңа құралын енгіземіз, жаңа білім мен өнімді еңбек арқылы әр азаматтың басты қажеттілігін қамтамасыз етуге және өмірін жақсартуға көмектесеміз» - деген қалалық қоғамдық штаб өкілі Т.Балабиев сайлаушыларға Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы туралы насихаттады.

«Медицина саласының негізгі міндеті – өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту. Ол үшін кәсіби білікті кадр даярлау ісі мен профилактикалық жұмыс күшейтіледі, ауыл медицинасы қалпына келтіріледі. Әрбір қала, аудан орталығы, ірі ауылдарда сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанның маңызды басымдығының бірі. Азаматтарымыз шетелдік клиникаларға амалсыз барып емделіп жүрген медицина түрлеріне ерекше назар аударылады. Дәрігерлік кәсіптің мәртебесі мен беделі арта түседі» - деген штаб өкілі М.Гайруллаев алдағы 7 жылда еліміздің медицина саласында атқыралар жұмыстармен таныстырды. Кездесу барасында штаб мүшелері сайлаушыларға кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары туралы жазылған үнпарақтар таратылып, алдағы өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

#Toqaev2022

Үгіт насихат құралдарымен https://toqaev2022.kz/kk сілтемесі арқылы танысуға болады.

0
0
172

Еще по теме