Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ.

05.11.2020 жылы аудандық партия филиалының ғимаратында Шақпақ баба ауылындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі туннелінің созылып жатқан құрылысын жұмыстарын аяқтау мәселесін шешу жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараға Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарының қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел барысында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі туннелінің оң жағы 840 м бетондалған, 250 м қазылмаған. Сол жақ беткейі 840 м толық тесілген, 627 м бетондалған. Жалпы туннель ұзындығы - 840 м, ені 12,5 м құрайды. Онда қазіргі таңда 160 адам жұмыс жасауда. Ондағы құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мекеме "ЕВРАСКОН" Евро Азиаттық құрылыс корпорациясы. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі туннелінің созылып жатқан құрылысын жұмыстарын себебі қаржы жетіспеушілігі болып табылады. Қаржы түскен жағдайда аяқталады деп күтілуде.

Еще по теме

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ. - Yvision.kz