Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2018 жылдың 09 тамызда Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә., БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дәулетжанов А.М., мемлекеттік қызметшілер және бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Шара барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірілді.

1
0
233

Еще по теме

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz