"ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАСІРЕТІНЕ - 34 ЖЫЛ"
Бүгін аудандық партия филиалында ардагерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында «Чернобыль» атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан ардагерлердің қатысуымен «Чернобыль қасіретіне - 34 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Түлкібас ауданында «Чернобыль» АЭС қатысқан ардагерлерден 13 адам тіркелсе, соның тек бір ғана ардагері қатысты. Қалған 12 денсаулықтарына байланыста, алыс жақта іс-сапарда болуына байланысты қатыса алмады.
Дөңгелек үстел отырысына Чернобыль АЭС ардагері, аудандық партия филиалының қызметкерлері мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы қатысты.
Чернобыл АЭС апатына қатысқан ардагерді Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы Чернобыль жеріндегі ядролық сынақтардың қоршаған орта мен ондағы тұратын халықтың денсаулығына келтірген зияны залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбектері туралы баяндама жасап, апатты жоюға қатысқан ардагерлерді құттықтап сәттілік тіледі.
Х.Турабеков мемлекет тарапынан мүгедектік жәрдемақы және мейрам күніне орай бір жолғы материалдық қолдау көрсететіліп келетіндігін айтты.
Дөңгелек үстел отырысы соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев жиынға келген ардагерге және отбасы амандық тіледі.
