ЧЕЛЯБІДЕ ӨТКЕН ЖОО РЕКТОРЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ КОНСОРЦИУМЫН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ «ҰРПАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ КӨПІР».
Бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов мәлімдеді.
«Бұл – қазіргі қоғам дамуының негізгі беталысы саналатын «жасыл экономика» құруға қатысты өте маңызды жоба», – деді Ғ. Мұтанов. «Ресей мен Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары «жасыл экономиканы» игеруді, жоғары білікті маман даярлап, ғылыми зерттеулер жүргізуді мақсат етеді».
Консорциум құру жөніндегі шарт – екі ел жоғары оқу орындарын осы бағытта біріктіретін маңызды қадам», – дейді Ғ. Мұтанов. Қазақстан жағынан шартқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ресей тарапынан Б.Ельцин атындағы Орал федералды университеті қол қойды. Консорциумды әр тараптан осы жоғары оқу орындары басқарады. «Шарт Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» атты бастамасына негізделген; Жобаны ҚазҰУ 2012 жылы Рио-де-Жанейрода ұсынып, БҰҰ жағынан қолдау алған. Осының арқасында біз ООН тұрақты даму хабы болдық. БҰҰ тарапы жобаны жоғары оқу орындары арасында халықаралық деңгейде таратуды ұсынған болатын. Консорциум құру жөніндегі шарт аясындағы алғашқы қадам – жыл соңына дейін БҰҰ штаб-пәтерінде осы жобаны таныстыру болмақ», – деді Ғ. Мұтанов.
Сурет дереккөзі: https://rf-kz.ru/


