Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Человек это птица. Он должен всегда стремиться познать мир!

Ана деген жылы сөзді айтқым келеді, бірақ та,

Қасиетті алтын анам мәңгіге енді жырақта.

Анашым-ау, мені жалғыз  қалдырмашы, өтінем,

Күн боп жылу беріп маған, көңілемде тұрақта.

 

Анашым – ау,  сағынамын сенің жылы жүзіңді,

Бар арманым болды менің бір рет көру өзіңді,

Өз-өзіме сыймай кеттім, шетке ысырып төзімді,

Елестейсің бір сәтке де жұма қалсам көзімді.

 

Күндер зулап бара жатыр  жабырқаумен, жылаумен.

Уақыт өтіп бара жатыр амандықты сураумен.

Бір сәт көрсем, бақытты болар едім әлемде,

Жүректегі мұңымды жеткіземін өлеңде.

 

Анашымсыз қорқып келем басуға бір қадамды,

Бұл сағыныш  мәңгілікке билеп алды санамды.

Уақыт – емші дейді, бірақ жаза  алдмадым  жарамды,

Жалғыздықтан жабырқаймын, сағынамын анамды....

 

Жалғыз жұлдыз

 

Дөңгелек ай, көк аспан,

Жалғыз жұлдыз адасқан.

Жерден қарап отыр қыз

Анасымен мұңдасқан.

 

Алып кет, - деп – мұңымды!

Айға қарап үңілді.

Анасынан айырылып,

Өмірден де түңілді.

 

Бүгін кірді анасы,

Сол  бір қыздың түсіне.

Сағынған ғой баласын,

Құшақтап бар күшімен.

 

Өте қатты  жылады,

Оянса, Бұл түс екен......,

Неге анамды алады!

Қдіреттің күші екен!

 

«Жүректегі сағыныш

Жан – дүниемді алып ұш.

Ұшқым келеді аспанда

Мына өмірден асқанда!»

 

Гулнар

 
0
1
516

Еще по теме

Человек это птица. Он должен всегда стремиться познать мир! - Yvision.kz