Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

CЕМЕЙДЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН БҰЗУ ФАКТЛЕРІ ТІРКЕЛУДЕ

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және жолын кесу мақсатында Семей қаласының мониторингтік топтарымен ( құрамында полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері ) күн сайын карантиндік нормалардың және ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының бұзушылықтарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар күнделікті өткізіледі. Осылайша, жүргізілетін рейдтік іс-шаралар барысында кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуі түрінде карантиндік нормаларды бұзу фактілері анықталды, мысалы, 26 қараша күні саған 14:00 кезінде "Алтын ғасыр" және "Серікбол" мейрамханаларында отбасылық іс-шаралар (құда күту, той) өткізілгені анықталды. 27 қараша күні "Ақ отау" мейрамханасында да заң бұзушылық тіркелді. Карантиндік нормаларды бұзудың фактісі бойынша полиция қызметкерлері процессуалдық шешім қабылдау және кінәлі тұлғаларды ҚР ӘҚБтК 425-бабы " Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақгигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ТҚСҚББ - на (СЭС) жиналған материалдар жолданды.

0
0
126

Еще по теме

CЕМЕЙДЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН БҰЗУ ФАКТЛЕРІ ТІРКЕЛУДЕ - Yvision.kz