Cауалнама
Бүгінгі таңда білім саласында ғылыми жоба мен конференциялар кең таралған. Оның қоғам арасында маңыздылығы мен жеке бір кәсіптің дамуына қосар үлесі бар ма әлде уақыт талабы қажет ететін «міндет» пе? Бұл сұрақтың жауабын ғылыми жобалардың тәжірибелі қатысушысынан білген жөн болар.
- Осындай ізденістің алға жетелейтін жолдары бар ма?
- Бүгінгі күні ғылыми жобаның маңыздылығы қанша?
Асылхан Ақбота, ИнЕУ-дің 4 курс студенті
- Ғылыми жобалар сайысына мектеп қабырғасынан қатысып келемін. Ең алғаш ғылыми зерттеу биология ілімімен байланысты болды. Кейін нақты білімімді одан әрі толықтырып, Мәскеу қаласында өткен математика пәнінен халықаралық ғылыми жобаларға қатысқан болатынмын. Адам өмір бойы ізденіс үстінде. Ізденген адам кез-келген сұрақтың жауабын табуы мүмкін. Өз басым, бір саланы толық меңгеріп, кейін оның тигізетін маңызы зор болатынына нық сенемін. Әрине, жоба жазу өте қиын. Сондықтан да бұндай еңбекпен айналысу үшін уақыт керек.
- Бүгінгі күні Қазақстан елу қабілетті елдің қатарында. Еліміз дамыған сайын жастардың білімі жоғарылайды. Әр жұмыстың маңыздылығын жоғалтпас үшін, жобаларға ұсынылған қаражатты тиімді пайдалануымыз қажет. Тың жобаларды жүзеге асыру – біздің мақсатымыз.
