Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Cүйген жүректер табысты

Сүйген жүректерге арналған арнайы қалалар бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Бұл қалаларда кез келген жастағы ғашық жан өз сүйіктісіне сезімін білдіре алады. Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан мұндай қалалар талай қосылу мен айырылысудың куәсі болды. Талай ғашықтардың қуанышына ортақтасты. Бүгінде Павлодар қаласында да жастар сүйгендерін кезіктіріп, болашаққа бірге аттануда. 2015 жылдан бастап Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Махаббат мекені» жобасын өткізіп келеді.

Бүгінгі күні Жастар бастамаларын дамыту орталығы Бекеновтер отбасының салтанатты түрде неке қию рәсімін өткізді. Әдемі безендірілген зал, көңілге жайлы әуен, ертегідей сұлу қалындық, бақытты жастар. Осы кереметтілікті сіз Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезіктіресіз. 29-  шілде  Данияр мен Альмира Бекеновтердің жанұя құрған күні. Болашаққа бірге аттанған күндері. Орталық ұжымы неке қию рәсімін ойдағыдай өткізіп, жастарға бақыт тіледі.

«Махаббат мекені» сүйген жүректер жиі бас қосатын алты құрлықтың алын ордасы болады деген сенімдеміз.

1
0
930

Еще по теме

Cүйген жүректер табысты - Yvision.kz