БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
2021 жылдың 29 қыркүйек күні "Nur Otan" партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасы Қ.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Қатысқандар: Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, Чапаев ауылдық округі әкімнің у.м.а. Б.Зейнуллин, бөлім, мекеме басшылары (тізім бойынша), БАҚ өкілдері.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Ақжайық ауданының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы және орындалмау қауіпі бар тармақтарын қарау туралы.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша: бөлім және мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Бюро отырысында баяндалған тармақтардың орындалуы бойынша ұсыныс-пікірлер білдіріліп, сапалы іске асырылуы талқыланды.
«Nur Otan» партиясы Ақжайық ауданы филиалының төрағасы, Қалияр Айтмұхамбетов Шадиярұлы отырыс соңында жауапты бөлім, мекеме басшыларына Жол картасында көрсетілген тармақтар бойынша мерзімінде және сапалы орындауды ұйымдастыруды, орындалмай қалу қаупі бар 7 іс-шараның жұмысын және нысандарға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.
