БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
25 маусым күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі А.Есалиевтың төрағалығымен партияның аумақтық филиалы жанындағы Саяси кеңесі Бюросының отырысы онлайн форматында өтті. Саяси кеңесі Бюросы отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. 2021 жылдың 2 шілдесі күні сағат 11-00-ге «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІI конференциясын шақыру туралы.
2. 2021 жылдың 28-29 маусым күндері барлық Бастауыш партия ұйымдарында аудандық филиалдың кезектен тыс ХХХІІI конференциясына делегаттар сайлау бойынша жиналыстар өткізу туралы кестесін бекіту.
Күн тәртібіне сәйкес, "Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Е.Бекмулдин хабарлама жасап, конференцияның өтуі барысы жөнінде мәлімет берді.
Отырыста конференцияны шақыру туралы ұсыныс пен Бастауыш партия ұйымдарындағы жиналыстар кестесі Бюро мүшелерімен толықтай мақұлданып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

