БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық партия филиалының ғимаратында Тасқала аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырысты аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Алдияр Халелов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының БПҰ есепптік сайлау жиналыстарының кестесін, сонымен қатар «Nur Otan» партиясының аудандық «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердін төрағалары мен құрамын бекітіп, шешімдер қабылданды.«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезекті ХХІХ есеп беру сайлау конференциясын шақыру туралы мәселелері қаралды.Аталмыш мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиеваның хабарламасын бюро мүшелері тыңдап, бірауыздан қолдады.Аудандық филиал жанындағы қоғамдық кеңестердің төрағалары ережеге сәйкес кеңестердің жұмысын ұйымдастырып 2025 жылға дейінгі «өзгерістер жолы» сайлауалды бағдарламасының бағыттары жөнінде тілге тиек болды.
