Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күршім ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жобасы алдағы аптада аудандық мәслихаттағы фракция отырысында талқыланып, пысықталған болатын. Бұл құжат бүгін партияның Күршім аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросында бекітілді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген Жол картасы 95 пункттен құралған. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдау, жолдардың сапасын, экологиялық жағдайды, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру және тағы басқа бағыттары бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар. Әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді.

Партия филиалының Саяси кеңес бюросына төрағалық еткен аудан әкімі, партияның аудандық филиалы төрағасы Қажанов Дулат Зайсанбекұлы нақты мақсаттарға бағытталған Жол картасын басшылыққа алып, жүзеге асыруды тапсырды.

Жол картасы — партияның ең маңызды құжаттарының бірі, сондықтан алдағы жұмыс барысында осы құжатты басшылыққа алуымыз керек. Біз алдымызға қойылған мақсат-міндеттерді орындап, халықтың сенімін ақтауымыз қажет, - деді партияның аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Қажанов Дулат Зайсанбекұлы.

Еще по теме

БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz