kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Саяси кеңес Бюросының күн тәртібінде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында жасақталған Жол картаны бекіту және “Nur Otan” партиясы Теректі аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдау жөніндегі мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Бюро мүшелері ауданымыздың сайлауалды бағдарламасындағы көрсетілген бағыттарға тоқталып, Жол карта бойынша жасақталған іс-шаралар талқыланып, орындалу жолдары мен мерзімдерін айқындады. Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жұмыстардың орындалуын тиісті мекеме басшылары мен Бюро мүшелеріне жүктелді.

Екінші мәселе бойынша фракцияның жұмыс жоспары таныстырылды.

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша қаулы қабылданып бекітілді.