БЮДЖЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға бағытталған аудандық штаб мүшелері И.Құрмашев, Л.Қайырғалиева, Қ.Елемесов, Р.Құрманғазиев бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаяны "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ" атты 7 жылдық бағдарламасының аталуының өзі барлық азаматтарға бағытталғандығын, әсіресе бюджеттік салаға қатысты "Азаматтың білім алуына, денсаулығы мен әл-ауқатына мемлекет тікелей жауапты. Әлеуметтік бюджетіміз өсіп келеді. Бұл – балабақша, мектеп, аурухана, мәдениет, спорт нысандарын салуға және жөндеуге, атаулы көмекке бөлінетін триллиондаған теңге. Қаражат сомасынан гөрі әрбір мұқтаж адамның арнаулы мемлекеттік қамқорлықты сезінуі маңыздырақ екенін естен шығармауымыз керек. Ұзақ уақыт бойы елімізде әлеуметтік шығын мәжбүрлі шара ретінде қарастырылып келді. Мұндай көзқарасты түбегейлі өзгертеміз. Бұдан былай әлеуметтік төлемдер адам капиталына салынатын тікелей инвестиция болып есептеледі. Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады. Біз балаларымызға барынша жайлы оқу жағдайын жасаймыз – оларды заманауи әрі қауіпсіз балабақшамен, мектеппен, тегін тамақпен, қосымша біліммен, жылдам интернетпен қамтамасыз етеміз. Оқушы орны мен студенттік жатақхана тапшылығын жоямыз, білім беру жүйесінде цифрлық орта қалыптастырамыз. Колледждер мен жоғары оқу орындары еліміз бен әлемде сұранысқа ие кәсіби маман дайындайтын болады. Елімізде 6,5 миллион бала бар. Олардың бәріне тұрған жеріне және қай тілде оқитынына қарамастан, іргелі білім, цифрлық технология, жайлы білім инфрақұрылымы тең дәрежеде қолжетімді болуға тиіс. Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр. Талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыз соғұрлым тез артады. Бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор. Біз мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруды, шығармашылық жұмысына қолайлы жағдай жасауды және оларды артық міндеттерден босатуды жалғастырамыз. Мәртебелі мұғалім атағы бедел мен даналықтың тұрақты синониміне айналады, - деп жазылуы ауыл тұрғындарының күнкөрісінің ұлғаюына үлкен қолдау, оң серпін екендігін жеткізіп, халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды. #Toqaev2022
