БУРАБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ.
2021 жылдың 7 қаңтарында Бурабай ауылдық клубында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кезекті кездесу өтті. Кездесуге "Nur Otan" партиясының сенімді өкілі Б. Ф. Өлмесеков және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Т.К.Бақтияров, Ж.Төлебаев қатысты. Ауылдық округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Болғаев атқарылып жатқан оң шаралардың қатарында Бурабай орта мектебі ғимаратының төбесі шатырланып жөнделуі де бар екенін атап, ендігі кезекте Бурабай ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту, Күршім- Бурабай жолын толық асфальттау, мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру, бұрынғы бос тұрған балабақша ғимаратын жөндеуден өткізіп, спорттық шаралар өтетін немесе туристік қызмет көрсету орнына айналдыру бойынша ұсыныстарын айтты. Жалпы сайлау науқанына ауылдық округ ардагерлерінің белсенді қатысатынына сендіріп, «Nur Otan» партиясына үлкен сенім артатынын және алдағы сайлауға сәттілік тіледі.
Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
📷
📷
📷
7Мамырбек Калелов, Нұрғайни Мәңкешқызы и ещё 5
