Брифинг
Бүгін "Nur Otan" партиясы Нұра аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Алшинбаев сайлау қорытындысы бойынша штаб мүшелерімен брифинг өткізді. ОСК сайлаушылардың дауыс беру нәтижелері бойынша:
Қазақстан Халық партиясы - 9,10 %;
Nur Otan партиясы-71,09 %;
"Ауыл" партиясы - 5,29 %;
"Ақ жол" партиясы-10,95 %;
ADAL партиясы-3,57 %.
Сайлау науқаны мен дауыс беру күні тыныш жағдайда өткенін, сайлау кезеңіндегі қадағалау қызметінің нәтижелері Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Сайлау туралы" Конституциялық Заңының талаптары сақтала отырып өткізілгенін атап өтті. Штаб басшысы бүгінгі таңда қол жеткізілген нәтиже штабтың үлкен және үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін де атап өтті.
