Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен спорт қауымдастығы қатысты.
«Бүгін біз тек спорттық нысанның емес, денсаулық пен жетістіктер әлемінің есігін ашып отырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бұқаралық спорттың ұлт саулығындағы маңызы ерекше екенін атап өткен болатын. Жаңа кешен – осы міндеттің нақты көрінісі», – деді өңір басшысы.
Жалпы аумағы 2,3 мың шаршы метрді құрайтын спорт кешені бір ауысымда 300 адамды қабылдай алады. Мұнда әмбебап спорт залы, күреске арналған арнайы зал және заманауи жаттығу залы орналасқан.
Жаңа нысан ауыл тұрғындары мен жастарға тұрақты түрде спортпен айналысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық жағдай жасайды.
«Дене бітімі сау болса, жан да сау болмақ. Сау дене – ақылдың, ойдың, парасаттың серігі», – деп жазған ұлы ойшыл Абай. Бұл сөз жаңа кешеннің басты мақсатын айқын көрсетеді.
«Бұл кешен ауыл жастарына жаңа серпін береді. Енді болашақ чемпиондарды ауылдан-ақ дайындауға мүмкіндік бар», – деп атап өтті қазақ күресі бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Орал Айдын.
Информация и фото предоставлены пресс-службой акимата Акмолинскйо области