Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Осы жылдың қараша айында Қазақ бас құрылыс-сәулет академиясында академияның түлектері үшін күзгі бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты–Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілері және қызметкерлерінің түлектермен кездесуі. Ең лайықты  жас маманды таңдау мүмкіндігі жұмыс берушіге жұмыс орнын ұсынбас бұрын, өзінің әлеуетін жан жақты бағалауға мүмкіндік береді.Түлектер, өз кезегінде, қазіргі уақытта сұранысқа ие кәсіп туралы ұсыныс,жұмыс берушілер осы жылы ұсынуға дайын бос орындар туралы ақпарат алды. Жәрмеңкеге келесі компаниялар шақырылды: «Қазақ Мұнай және газ институты» АҚ,  «Леруа Мерлен Казахстан» ЖШС, «Гео Мастер А» ЖШС және басқалар.  Жәрмеңке өткізу барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысушыларды «Еңбек» бағдарламасымен, жұмысқа орналастыру мәселелерімен, жастар тәжірибесімен таныстырды, бұдан басқа, жұмысқа қабылдау кезіндегі негізгі ережелер, түйіндеменің қалай жазылу керектігі туралы, әңгімелесуден өту ерекшеліктері туралы толық айтып берді.  Бос жұмыс орны жәрмеңкесіне 120 бос орындар ұсынылған, 50-ге жуық жұмыс беруші қатысып, 100-ден астам түлек шақырылды, оның ішінде 20 адам жұмысқа жолдама алды.30 түйіндеме қабылданды.

0
0
340

Еще по теме

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ - Yvision.kz