Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Боран — заман

1. Сәуірдегі аппақ боран,

Қалың жауған ұлпа қар,

Көрсетті ғой халықымда

Таусылмайтын ырзық бар.

2. Келсейші, келсейші, көп тостырмай,

Мамыр, маусым, жайма - шуақ айларым

Қоңыраулатсайшы аспанымды, дәл Мұқаңдай

Жазатын жан жарасын.

3. Күркүреген күндер кайда

Найзағайы жарқылдап ?

Ұзақ күлген түндер қайда

Езу жимай қарқылдап ?

4. Қара қошқыл қою бұлттар

Аспанды кеп тіреді.

Аласапыран, мынау заман

Қазаққа не береді ?

5. Құйып берді нөсер жаңбыр

Жел мен бұршақ аралас.

Ұқсайды осы алапатқа

Мынау заман қарбалас.

6. Дүлей дауыл соқты келіп,

Жермен көкке асыр сап.

Астан - кестен заман болды - ау

Кіммен мұңды шағыссақ ?

7. Ұшқыр заман; болсақ аман

Көреміз ғой ілесіп.

Қаңғыраған жұртта қалмай,

Біреулерге мінгесіп.

8. Көшті баста, өшті таста

Барлық күшің таза аста.

Арақ ішіп азбай, темекі шегіп тозбай

Айналайын, жас алаш

Жаңа істі баста !

9. Күркіреген күндер қайда

Найзағайы жарқылдап ?

Ел бастайтын ерлер қайда

Семсерлері сартылдап ?!

0
0
355

Еще по теме

Боран — заман - Yvision.kz