БОРАН АУЫЛЫНДА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ОРНАТЫЛАДЫ
Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес Боран ауылдық клубында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қасымханов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Абилмажинов тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары шекаралық ауданды дамыту бағдарламасына сәйкес ауылдарға газ тарту, Боран – Оң Жақ Қалжыр көпірін жөндеу, интернет желісін тартуды қолға алуды ұсынды.
Тұрғындар партия жұмысына сәттілік тілеп, алдағы сайлауға белсене қатысып, дауыс беретіндерін айтты.
