БОРАЛДАЙЛЫҚ ҚАРИЯЛАР КАНДИДАТТАРҒА БАТАСЫН БЕРДІ
«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Нұрмаханов Ерлан Зайпұлы, Өміртай Амалбек Дәркенұлы Боралдай елдімекенінің тұрғындары Әбділ Төлегенұлының, Гүлшат Сартай апаның шаңырағында болып, канвасинг-кездесуін өткізді. Жылы шыраймен өткен кездесуде ауыл қариялары келген қонақтарға ыстық ықылас танытып, кандидаттардың үгіт-насихат сөздерін тыңдады.
« «Nur Otan» партиясы көптен бері келе жатқан партия. Жаңалықтардан хабардармыз. Жақсы істерді, бастамаларды жүзеге асырып келеді. Біз бұл партияға сенеміз. Құдайға шүкір, жағдайымыз жақсы, еліміз тыныш. Бізге бұдан асқан қандай бақыт керек. Жолдарың болсын. Халқыңа, еліңе, жеріңе адал қызмет етіп жүре беріңдер», — десті боралдайлық қариялар.
