Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
01:13, 28 февраля 2013

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНЕН ЖАҢАЛЫҚ

ЖЕРЛЕСІМІЗ АКАДЕМИК АТАНДЫ

 

Blog post image

 

Қызылорда облыстық "Kyzylorda-news" интернет газетінде төмендегідей ақпарат жарияланды (http://www.kyzylorda-news.kz/page.php?page_id=44&lang=2&article_id=12894):

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов еліміздегі статистика, демография, макроэкономика, аймақтық экономика салаларының жетекші маманы екендігіні баршамызға мәлім. Ғалым ағамыз экономикалық тұрғыдан ғылыми дәлелдеген, көп жылдар бойы Қызылорда қаласында арнайы экономикалық аймақ құрудың негізін қалап, қала әкімі қызметімен қатар әкімшілік кеңес төрағасы қызметін қоса атқарды. Парламент Сенатының депутаты қызметінде жүріп, Сыр елі экономикасының өркендеуіне ерекше үлес қосты.

Жүздеген ғылыми-әдістемелік мақалалар мен 8 монография жарыққа шығарып, 2 ғылым докторы мен 14 ғылым кандидатын тәрбиелеген ұстаз-ғалым осы уақытқа дейін Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының, Халықаралық жоғары мектеп Академиясының, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар Академиясының, Қазақстан инженерлік академиясының Академигі, Сеул Ұлттық Университетінің құрметті профессоры атанған еді. Жақында Бақберген Сәрсенұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшелігіне сайланды.

Еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі «Болашақ» университеті мен университет колледжінің ұжымы университеттің ғылыми жетекшісі, көрнекті мемлекет қайраткері, 2005-2011 жылдардағы ҚР Парламенті Сенатының (үшінші, төртінші шақырылымы) депутаты, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бақберген Сәрсенұлын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшелігіне сайлануымен құттықтайды!

Облыстық «Kyzylorda-news.kz» интернет газетінің ұжымы да жерлесімізді академик атануымен құттықтайды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

0
525
0