Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Бизнеспен диалог «PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында

2021 жылғы 26 ақпанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевтің, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің (сәулет, қала құрылысы, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, Мемлекеттік кірістер мен көші-қон және т.б. салаларда), «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен ірі және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн диалог алаңы өткізілді

Н.І.Самет кеңеске қатысушыларға карантин кезеңінде бизнес субъектілерінің облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру проблемаларын және т. б. атап өтті.

Спикер мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуал құруға және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу саласында жалпы құны 854 млрд.теңге болатын 26инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Самал» ауданында тұқы балықтарын өсіру бойынша ПСП «Серік» жобасын іске асырудың проблемалық мәселесі талқыланды.

Өз кезегінде М.Н.Манкеев аталған жобаны келісу үшін айтарлықтай әкімшілік ресурстар жұмсалғанын, соның арқасында жобаның бір бөлігін іске асыру қарқынды жүріп жатқандығын, алайда учаскелердің меншік иелерімен мәселесі әлі де өзекті болып қалатынын атап өтті.

Өз кезегінде Н.Ш. Курумбаев облыс әкімдігінің шетелдік және отандық инвесторларды қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмыс істеу тұжырымдамасымен таныстырды.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде онлайн кеңес беру бойынша ұсыныстар берілді.

Кездесуге қатысушылар аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Барлық кәсіпкерлерді «Protecting Business and Investments» жобасына қосылуға және инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісім жасауға шақырамыз.

1
0
402

Еще по теме

Бизнеспен диалог «PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында - Yvision.kz