Перейти к содержимому
Обложка сообщества Бизнес

БИЗНЕС ЖӘНЕ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР

Әлем бойынша жұмыс істейтін әйелдердің 60% қызмет көрсету саласында еңбек етеді Бүгінде әйелердің қоғамдағы рөлі орасан. Әйелдер үй шаруасымен ғана айналысып отырған жоқ. Олардың қатарында бюджеттік, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып отырғандары қаншама. Сонымен қатар жеке кәсібін ашып, іскерлік ортада да өз есімдерін қалыптастырып келеді. Толайым табыстарымен қоғамдағы сенімді арттырып, өзекті мәселелерді шешуге белсене араласуда. Бүгінде әйелдер бизнес ортада белсенді, олар ірі компанияларды басқара алады, әлеуметтік маңызы бар ірі қайырымдылық қорларға да жетекшілік етеді. Себебі әйелдердің бойындағы белсенділік қуаты мен мейірім шуағы қатар астасқанда, мәселені жедел әрі оң шешуге, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге құлшындырып тұрады. Осы ретте әлемдегі әйелдердің жұмыспен қамтылуы, кәсіпкерлік саладағы қызметі туралы сараптап, салыстырып қарағанда Қазақстандағы әйелдердің белсенділігі, жеке кәсіппен айналысу қарқыны жақсы екенін байқаймыз. Әлем елдеріндегі ахуал Әлем бойынша жұмыс істейтін әйелдердің 60% қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Әйелдердің басшылық лауазымдарға тағайындалуының көрсеткіші Еуропа елдерінде жоғары. Атап айтқанда Норвегияда басшы әйелдер 40,1% құрайды, Ал Швецияда – 33,7%, Францияда – 33,5%. 2016 жылы Германияда басшылық қызметте болған әйелдер 30% құраған, ал Гонконгта – 11,1% Бұдан Азия елдерінде көрсеткіш әлдеқайда төмен екенін байқауға болады. Дүниежүзілік банктің ақпараты бойынша 2015 жылы әйелдердің кәсіпкерлік саладағы және жұмыспен қамтылуы төмендеген. Зерттеу бойынша Таяу Шығыста пен Солтүстік Африкада – 27%, Оңтүстік Азияда – 19%, Латын Америкасын мен Кариб аралдарында 10% азайған. Сонымен қатар кейбір елдерді жұмыс істейтін әйелдерге қатысты қысымды азайтқан жағдайда, еңбек өнімділігін 25%-ға арттыруға болатыны анықталған. Қазақстан халқының 9 миллионнан астамын (52%) санын әйелдер құрайды. Бұның ішінде 16 жастан 62 жас аралығында еңбекке жарамдылары – 50%. Бүгінде әйелдердің отандық бизнес ортадағы белсенділігі шамамен 50% құрап, еліміздің ЖІӨ қалыптасуына 40% үлес қосып отыр. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің басым бөлігі қызмет көрсету саласына бағытталған, сервистік қызмет көрсетудің 63% әйелдерге тиесілі, ауыл шаруашылығындағы кәсіптің 53%-ын нәзік жандылар басқарады. Ал шағын және орта кәсіпкерлікті 697 355 (42%) әйел басқарады. Кәсіпкерлік саласына қаржылай емес қолдау көрсету бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер әйелдерге 17 666 сервистік қызмет көрсетсе, 45 501 ақпараттық қолдау білдірген. Кәсіпкерлікке жол қалай ашылды? Қазақстан топырығанда әйелдер іскерлігінің қашан басталғаны белгісіз. Еліміздің территориясы Ұлы Жібек жолы күре тамырында орналасқанын ескерсек, ұлы дала топырағында шамамен әрбір 20 әйелдің біреуі сауда-саттықпен айналысқан. Сараптама бойынша өз саласында еңбекқорлығымен танылған бірнеше қазақ әйелдері туралы деректер келтірсек... 1944-1945 жылдары Қазақстанда 226 әйел колхоз басшысы болған. 1970–80 жылдары агроөнеркәсіпте тамаша жетістікке жеткен алғашқы қазақ әйелдерінің бірі, Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаева. Білікті колхоз басшысы ешқашан соқа кірмеген, ши мен қамыс басқан далаға су тартып, ирригация каналдарын жүргізіп, жарамсыз деген жерді өнімді егіс алқабына айналдырған. Колхоз жұмысшыларын тамаша басқарып, егін шаруашылығын ғылыми негізде аймақтық жүйеге келтірді. Сонымен қатар, ауылдың әлеуетін арттыру үшін колхоздың техникалық жаңаруына атсалысып отырған. Ауыл шаурашылығындағы жаңа технологиялар, халық қолданысына арнап дақылдардың жаңа сұрыптарын шығару үшін сынақтар жүргізген. Қант қызылшасының жаңа сұрыбы немесе тиімді гербециттерді тауып, өңірдің қант қызылшасы шикізатын шығару бойынша көш басына шығара алды. Қазақ өнерінің майталманы Сәбира Майқанова кино әлеміне аяқ баспай тұрып, 1930 жылы Алматы кооперативтік техникумына оқуға түсіп, одан кейін біршама уақыт сауда саласында жұмыс істеген. «Әлемдегі ең іскер қазақ қызы» атағын Гүлжан Молдажанова еншілеген. Fortune сарапшылары Гүлжан Молдажанованы табыстылар тізімге бірнеше дүркін кіргізген. Ол 2006 жылы 22-орында тұрса, 2007 жылы 20-орынға көтерілген. Ал жақында Forbes журналы жариялаған 100 ең ықпалды әйел тізімінде Гүлжан Молдажанованың есімі 37-орында аталды. «Алюминий ханымы» танымал Forbes, Fortune, Wall Street Journal журналдарындағы ықпалды әйелдерер қатарында көрінді. Ал Қазақ елінің тарихында Жәмилә Стехликова ханым алғашқы болып Еуропаның озық елінде министр дәрежесіне дейін көтерілген қазақ ұлтынан шыққан саясаткер атанды. 2007 жылы 9 қаңтарында Чехия Республикасының Премьер-министрі Мирек Тополанектың Жарлығымен қазақ қызы Жәмилә Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі болып тағайындалды. Сөз соңында «Әйелдің асылы ісінен білінеді» дейді. Қазқастандағы іскерлік саласын дамытуға қыз-келіншектердің белсенді атсалысып келеді. Бүгінде олардың шағын және орта кәсіпкерліктегі үлесі ер азаматтармен тең. Қызмет көрсету мен сауда салаларында жеке кәсіп ашып отырған әйелдер жаңа жұмыс орнын ашуға, отбасылық кәсіпкерлікті қалыптастыруға септіктерін тигізуде. Отбасының ұйытқысы бола білген келіншектер жеке кәсіпте де табысты іскер тұлға болып қалыптасқан. Әйелдердің іскерлік тенденциясы Қазақстанда ғана емес, әлемнің бірқатар елдерінде қалыптасқан. Сауаттылық, тиісті білім алу, жеке кәсіппен айналысуға икемділік шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыспен қамтылу көрсеткішін арттыруға зор ісерін тигізеді.

1
0
722

Еще по теме