БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ
2018 жылдың 9 тамызда бизнес субъектілері үшін жеке қабылдау жүргізілді.
Мақсаты – бизнес саласында кездесетін әкімшілік кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау.
Қабылдауды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә. және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Ақмырзаев Р.С. жүргізді.
Қабылдауға келген әр азаматтардың өтініштері тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
