БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының жүйелі кестесіне сәйкес, аудандық партия филиалының сайлауалды штабында аудандық мәжіліс депутаттығына кандидаттар бизнес қоғамдастық өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесті. Бұл басқосудың мақсаты партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттау. Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздік алған жылдан бастап елімізде кәсіпкерлікке кең жол ашылды. Елбасымыз кәсіп иелерінің жұмысын жақсы жолға қоюы үшін бар мүмкіндікті жасады. Пайызы аз, тіпті пайызсыз несиелер, қайтарымсыз гранттар бөлді. Субсидия, инвестиция тартылды, тағы басқа жеңілдіктер қарастырылды. Осының арқасында шағын және орта бизнес дами түсті. Кәсіпкерлер мен бизнесмендер шаруасын ешкімге жалтақтамай, ешкімнен қысым көрмей емін-еркін жүргізді. Өйткені олардың шаруасы шатқаяқтамауы үшін мемлекет мораторий жариялап, барлық тексерушілердің, кедергілердің жолын кесті. Нәтижесінде біздің Төлеби ауданында да кәсіпкерлік кең өріс алды. Бизнесмендер мен кәсіпкерлердің қатары көбейді. Олар да өз кезегінде қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсетіп келеді. Олардың осындай қажырлы еңбегіне алғыс білдірген кандидаттар
Елбасының, партиямыздың бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін насихаттауда және халыққа қызмет көрсетуде белсенділік танытып жүрген бір топ кәсіпкерлерге ризашылықтарын жеткізді. Елге сапалы қызмет көрсете беретіндеріне сенім білдірді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен ұстанған бағытын насихаттады.
