БІЗГЕ САБЫР МЕН ЖІГЕР КЕРЕК

ХХІ ғасыр өзіндік қиындықтарын адамзаттың алдына тартуда. Әсіресе жаһандық дағдарыстың салдары алпауыт мемлекеттердің өзін тығырыққа тіреуде. Бұл сынақ Қазақстанды да айналып өтпейтіндігі шындық. Елбасымыз сындарлышақтан аман есен өту үшін Ұлттық қорға қаржы жинатуы, дағдарыс кезінде елдің жағдайын қалыпты ұстауда ұстанған бағыты көрегенділік деп білемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған стратегиялық бағдарламалардың орындалатынына сенеміз. Сонау 1990-жылдары қабылданған 2030 стратегиясы кезінде қиял-ертегі сияқты көрінгені рас. «Отыз жылдың ішінде Қазақстан үлкен жетістікке жетеді, халықтың әл-ауқаты өседі, өндірісіміз дамыған елдерден кем болмайды, экономикамыз өрлейді» деген жоспарға «Бұл бола ма, жоқ па?» деген дүдәмалмен қараған едік.
Әсіресе Елбасының бастамасымен жасалған «100 нақтықадам» стратегиясы барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздеген болса, бұл меже мерзімнен бұрын игерілді. Тәуелсіз еліміз аз уақыт ішінде қыру аржеңістерге қол жеткізді. Болашақты алыстан болжайтын саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы «Нұрлыжол - болашаққа бастар жол» ұлттық саяси даму стратегиясында мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін негізете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп, бүгінде сол міндеттерді іске асыру жолында қазақстандықтар еңбек етуде. Сондай-ақ Елбасы Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында еліміздің экономикалық ахуалына басым бағыт берекеле доллар бағамын еркіне жіберуге байланысты болған теңгенің құнсыздануына тосқауыл қою, ел ынтымағын нығайту жолындағы нақты міндеттерді, бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Осылайша ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлыжол-болашаққа бастар жол» стратегиялық бағдарламасында Елбасы он серпінді идеяны атаған болатын. Олар: патриотизм, инновация, геология, мен ауылшаруашылығы саласы, ғылым, аймақтық даму, отандық көлікжүйесі, энергетика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ, экономикадағы тың серпіліс. «Қазақ елі өткен 23 жылда қыру арістындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы, ортақ жемісіміз. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханды мүлдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет» деген Елбасының сөзі баршамызға қайрау болуда.
Қазір маңайымыздағы елдермен экономикалық байланыс орнатып, тату-тәтті өмір кешудеміз. Елбасының ұстанған басты бағыты - бейбітшілік, тыныштық.
«Таласқа түссежан мен ту, Жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені», - дегендей біз секілді қарапайым азаматтарда ішкі талғамымыз бен мемлекет мүддесі таласқа түскенде, соңғысына басымдық беретіндей жігер болуы керек деп есептейміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Осы идеяның аясында ұлттық идеямызды бекемдеп, ұлт Көшбасшысының тапсырмасын орындауға біркісідей жұмылуымыз қажет.
Нариман Қаратаев
