БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ, ОЛ – ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН КӨТЕРУ!
2020 жыл барлығымыз үшін үлкен сын болды.
Коронавирус пандемиясы өмірімізді өзгертті, көптеген мәселелерге басқа қырынан қарауға үйретіп басымдықтарды өзгертті және біздің мемлекеттің басты құндылығы адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді.
Әлемнің басқа елдері сияқты Қазақстан да ұзақ карантин мен шектеу
шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың
тұрақтылығын қамтамасыз ету, бұрыннан бар жұмыс орындарын сақтау
және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды қауіпсіз және жайлы ету
үшін бар күш-жігерін салады. Біз бұған нақты қалай қол жеткізу қажет
екендігін білеміз!
БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ, ОЛ – ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН КӨТЕРУ!
Бүгінде барлық азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты
проблемалардың шешімін және бастамаларды алға жылжытуды күтуде.
Партия – барлығы үшін ашық!
Біз сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа сенеміз.
Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірлесіп жақсы нәтижелерге
жететінімізге сенеміз!
