БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРДІ
Қызметкерлерді сайлауға шақырған Ақтөбе қалалық мәслихат депутататтығына кандидат Алмас Елеуов «Nur Otan» партиясының негізгі 7 басымдылығы бар екенін айтып өтті.
- Барлық адам партиядан нақты мәселелерді шешуді және жаңа бастамалар күтеді. Сол үшін праймериз өткен еді. «Nur Otan» партиясы барлығына ашық. Біз халықтың ұсыныстарын қолдауға қашан да дайынбыз. Еліміздің әр азаматының сенімің бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Қаламыздың одан әрі дамуы үшін осы жерде жиналған әр адамның дауыс беруі біздер үшін маңызды. Сондықтан сіздерді алдағы сайлауда күтеміз,-деді Алмас Елеуов.
Айта кетейік, кездесуге қатысқан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Всеволод Щегельский, Берік Коздигарин, Әсел Зелетдинова «Nur Otan» партиясының облыстық бағдарламасының негізгі басымдылықтарын түсіндірді. Білім, медицина, экономика мен кәсіпкерлік саласында болатын жаңа жаңашылдықтарды айтты.
