БІЗДІҢ ЕЛБАСЫМЫЗ — ӘЛЕМДІК ТАРИХТАҒЫ ҮЛГІ
✓Бүгін Ордабасы аудандық орталық кітапханасында "Біздің Елбасымыз — әлемдік тарихтағы үлгі" /Наш Елбасы — пример в мировой истории"/ тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.
✓Ісшараны "Нur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы ашып, жүргізді.
✓Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Айша Айымбетова Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлем тарихында қалатын 10 бастамасы туралы кеңінен баяндама жасады.
✓Елбасы Н. Назарбаев тарих аренасында жаңадан құрылған қазақ мемлекетінің тізгінін ұстаған сәттен бастап-ақ, тек өзі басшылық ететін елдің мүддесі мен қауіпсіздігін ғана ойламайтын, әлемдік деңгейдегі түйіткілі көп мәселелерді шешуге батыл кірісе алатын сарабдал саясаткер ретінде таныта білді.
✓Ісшара соңында Әлиасқар Байдуллаұлы басқосуға қатысқан кітапхана ұжымына, әлеуметтік желі қолданушыларға ризашылығын айтып, жиынды аяқтады.
