"БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР" АЙДАРЫ
Айдарымыздың бүгінгі кейіпкері К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты Гүлбарам Елтайқызы Лукпанова.
Гүлбарам Елтайқызы 1987 жылы 30 қарашада БҚО Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Ақпәтер ауылында орта жалпы білім беретін мектепті бітірген соң 2005-2008жж- БҚО, Орал қаласы, «Орал педагогикалық колледжінде» ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алады. 2008-2011жж- Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында «Екі шетел тілі: ағылшын және неміс тілі» мамандығын меңгеріп шығады.
Гүлбарам Елтайқызы 2011-2012жж- Ақпәтер ОЖББ мектебінде, 2013-2014 жж- Жалпақтал ауылы «Балдәурен» балабақшасында, 2015-2021жж- Жалпақтал ауылы, К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінде ұстаздық қызмет атқарады. Ұстаздық қызметте жүріп 2016-2021 жж- БҚО, Казталовка ауданы, Жалпақтал ауылы, «English club» үйірмесінің жетекшісі, 2020-2021жж- БҚО, «Birgemiz Bilim» жалпыұлттық жобасының волонтері қызметтерін де қоса атқарады.
Депутаттың республикалық, облыстық көлемде жетістіктері де аз емес.
Облыстық «Тіл шебері-2017» байқауында II дәрежелі, «Үздік видео сабақ-2019» байқауы III дәрежелі дипломдармен марапатталған. 2019 жылы Республикалық «Жүз жаңа есім» байқауының, «Үздік панаромалық видео сабақ» байқауының, 2020 жылы «Үздік волонтер», «Primaries 2020» Алғыс хаттарына және 2021 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатына ие болған.
Ана тілімен қоса орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін депутаттың Өз ісіне жауапты, ұйымдастырушылық қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, қақтығыстарды шешу мүмкіндігі жоғары.
Гүлбарам Елтайқызы ауданымыздың дамуына үлес қосып, балалардың өзге тілде білім алуына септігін тигізіп жүр.
