Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ

Бүгінгі кейіпкеріміз Какижанова Шолпан Бижанқызы Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.

Шолпан Бижанқызы 1966 жылы 19 сәуірде Чапаев ауданы Сары Өмір ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Тұрмыста. Жоғары білімді – шет тілдері пәні мұғалімі. Еңбек жолын 1988 жылы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1989-2006 жылдары Ақжайық жалпы орта білім мектебінде ағылшын тілі пәні мүғалімі. 2006-2010 жылдары Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2010-2011 жылдары Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі директорының міндетін атқарушы. 2011-2013 жылдары Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры. 2013-2017 жылдары Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 2017 жылдан бастап Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.

Білім саласындағы жетістіктері үшін 2009 жылы Олжас Сүлейменовтың Халықаралық ядроға қарсы «Семей-Невада» қозғалысынын «Құрмет грамотасы», 2010 жылы облыстың білім басқармасының «Құрмет грамотасы», 2011 жылы Теректі аудандық білім беру бөлімінің Мадақтамасы, 2012 жылы Теректі аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хаты, 2017 жылы облыс әкімінің Алғыс хаты, 2018 жылы БҚОФ «Нұр Отан» партияның алғыс хаты, 2019 жылы Білім басқармасының алғыс хаты, 2020 жылы Облыстық құрмет тақтасы, 2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі.

Теректі аудандық мәслихатының VІ, VII шақырылымның депутаты. Аудандық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрайымы.

0
0
114

Еще по теме

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ - Yvision.kz