Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ

Сіздерді Ақжайық ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Аудандық мәслихат депутаты Ибрашева Алтынай Абаевна,1971 жылы 13 шілдеде дүниеге келген.Туған жері – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылы. 1978 жылы мектеп табалдырығын аттап Қ.Байсықов атындағы ОЖББ мектебін бітірді. Білімін шыңдау жолында Орал педагогикалық колледжін «Бастауыш мектепке сабақ беру» мамандығы, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы, Орал гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша тәмәмдап, диплом алды . 1990-2004 жылдары Қ.Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. Осы қызметін атқара жүріп қоғамдық жұмыстар барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері шыңдалып 2004 қазан айынан бастап «Айгөлек» бөбекжайының меңгерушісі қызметіне ауысып, қазіргі таңда ұйымшыл ұжымның басшысы. 2014 жылдан бастап «Nur Otan» халықтық-демократиялық партиясы мүшелігіне өтіп, қазіргі таңда Тайпақ ауыл округінде «Nur Otan» бастауыш партиясы жетекші қызметін қоса атқаруда. Ол -отбасының ұйтқысы, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп немере –жиен сүйгенүлгілі ата-әже. Білім саласындағы жетістіктеріне келсек, аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды. 2018 жылы Ақжайық ауданы әкімінің Құрмет грамотасы және 2019 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасына ие болды. #NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021

0
0
223

Еще по теме

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ - Yvision.kz