Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ

Сіздерді Ақжайық ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Дошанова Самал Нығметқызы, 1967 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Зеленое ауылында дүниеге келген. Әкесі Дошанов Нығмет Дошанұлы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс берді. Ұзақ жылдары мектеп директоры лауазымын атқарған. Бірнеше мәрте селолық советтің депутаты болған. 40 жыл бойы ұстаздық жолында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан. «Қазақ КСР Оқу Ісінің Үздігі» атанған абыройлы адам болды. Анасы Хасанова Ақзер Хасанқызы физика – математика пәнінен дәріс берді. «Алтын Алқалы» ардақты ана. Самал Нығыметқызы 1984 жылы Котельников орта мектебін үздік бітіріп, «Құрмет Орденді» Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетіне түскен, оны 1990 жылы «Үздік белгімен» бітіріп, ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Сол жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Атамекен ауылындағы М.Өтемісұлы атындағы негізгі мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасты. 1992 жылы жанұя жағдайына байланысты Алмалы ОЖББ мектебіне ауыстырылды. Алмалы орта мектебінде жұмысын әдістемелік бірлестік жетекшілігінен бастап, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі атанды.1997-1998 оқу жылында мектеп директорының оқу –ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазымда 8 жыл еңбек етті. 2003-2004 оқу жылында Алмалы ОЖББ мектебінің директоры болып тағайындалып, күні бүгінге дейін осы қызметті атқарып келеді. 2007,2016 жылдары екі шақырылымда маслихат депутаты болып сайланды. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Шығармашылық еңбегінің нәтижесінде ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Аудан әкімінің Алғыс хатымен 2006,2009 жылдары БҚОББ «Құрмет грамотасымен», 2007 жылы ауыл тұрғындары арасында жүргізген белсенді жұмымыстары үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2010 жылы білім саласындағы жемісті еңбегі үшін «Дарынды балалар Қазақстанның болашағы» атты энциклопедияға енгізілді. 2011 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. (Куәлік №25013) 2011 жылы есімі «Қазақ әйелдері» энциклопедиясына енгізілді. 2013 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 22 жылына орай тәжірибеcі «Ұстаз» республикалық журналында жарияланды. 2014 жылы ҚР Маслихаттар жүйесінің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты аудандық маслихаттың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының маслихат депутатттары» атты республикалық басылымға депутаттық жұмысы туралы естеліктер шығарылды. 2015 жылы АББ «Алғыс хатымен» марапатталды. Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін 2016 ж АББ «Алғыс хаты», 2016ж БҚОББ «Құрмет грамотасы», 2018ж Білім және Ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2019 жылы ҚР маслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін облыс әкімі А.Көлгінівтің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2019 ж «ҚР Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері» белгісімен марапатталды.

Отбасылық жағдайына келсек: Жолдасы, Бекишев Булат Меңдіғалиұлы 1967 жылы дүниеге келген. Алмалы ОЖББ мектебінің жоғары санатты тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 29 жыл. Ұлы, Меңдіғалиев Айбол -1996 жылғы. Алматы қаласындағы Тынышбаев атындағы КазАТК бітірген. Ақсай қаласында SIOSI компаниясында жұмыс жасайды. Қыздары, Меңдіғалиева Айнұр 1993 жылғы. С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейін «Алтын белгімен» бітірген. Алматы қаласындағы Асфендиярова атындағы Ұлттық медициналық университетін «Үздік белгімен» бітірді. Магистр. Дәрігер –эпидемиолог. Отбасылы. Бекишева Айкен 2002 жылғы. «Алтын белгі» иегері «Тұран –Астана» университетінің 2 курс студенті.

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021

0
0
189

Еще по теме

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ - Yvision.kz