Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ

Биыл елімізде үлкен саяси науқан өтті. Нәтижесінде «Nur Otan» партиясы халықтың сеніміне ие болып, жеңіске жеткен болатын. Шыңғырлау ауданы бойынша аудандық мәслихаттың 8-і «Nur Otan» партиясының мүшелері депутаттық мандатқа ие болды.

Құрметті достар! Бүгінгі күннен бастап сіздерді сол депутаттардың өмірі мен еңбек жолынан хабардар ететін боламыз. «Біздің депутаттар» айдарының бүгінгі кейіпкері - аудандық мәслихат хатшысы, депутат Казиев Сағын Самиғоллаұлы.

Сағын Самиғоллаұлы 17 маусым 1975 жылы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, 1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық универститетін оқымысты агроном мамандығы бойынша бітірді.

Енбек жолын 1999-2000 жылдары аралығында аудандық аумақтық инспекциясында инспектор мамандығы бойынша бастады. 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы әскері қатарындағы қызметін атқарды. Әскері қатарынан келгеннен кейін қайтадан аудандық аумақтық инспекциясына оралып, 2001-2006 жылдары фитосанитар-инспектор мамандығы бойынша жұмысын атқарды. 2006-2019 жылдары аралығында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2019-2021 жылдары ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры жұмысын атқарды. Бүгінгі танда Казиев Сағын Самиғоллаұлы аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен аудандық мәслихат хатшысы лауазымына сайланды. Сағын Самиғоллаұлы өз қызметіне сәйкес ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлесін қосуда.

Енбек жолында атқарып келе жатқан жұмыс барысында көптеген марапаттарға ие болды: 2011 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтың алғыс хаты, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісі, 2019 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтың алғыс хаты, 2021 жылы Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

0
0
131

Еще по теме

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ - Yvision.kz