Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Мелдебекова Ақмарал Тоқмағанбетқызы кезекті тікелей эфирде Түлкібас ауданы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Соның ішіндегі медицина саласына қатысты тақырыптар қамтылды. Одан бөлек, елімізде болып жатқан пандемияға байланысты, аудандық орталық аурухана тарапынан короновирус індетімен күресу жолдары мен дайындықтарын сөзге тиек етті.

2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, бұл көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік.

Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады.

БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ.

Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Сол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партияішілік іріктеу – праймеризді өткіземіз.

Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және Сізбен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

Біз біргеміз!

Еще по теме

БІЗ БІРГЕМІЗ! - Yvision.kz