«БІЗ АДАЛДЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2019 жылдың 10-11 маусым күндері «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында «Дарын» қосымша білім беру орталығында және «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде лагерь демалушыларына «Біз адалдықты таңдаймыз!» атты кездесу ұйымдастырды.
Аталған кездесудің басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Шара барысында Департамент қызметкерлерімен «Адалдық алаңы» атты тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шара соңында жастар қағаз ұшақтарға өз тілектерін жазып, «Адалдық» ұшақтарын аспанға ұшырды.
