Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БИЫЛ МАҢҒЫСТАУДА «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау облысы филиалының директоры Гүлжан Қалымбетова мәлім етті.

Оның мәліметінше, 2020 жылы облыста мемлекеттік бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктерде (лизингтік компанияларда кредиттерді,лизингтік мәмілелерді) субсидиялау құралы бойынша 63,25 млрд. теңге несие көлемінде 227 жобаға қолдау көрсетілді. 2019 жылы жобалар санымен салыстырғанда өсім 85% - ды құрады.

«Кепілдік беру құралы бойынша 9,73 млрд. теңге кредит сомасына барлығы 423 жоба қолдау тапты, онда кепілдік сомасы 3,89 млрд. теңгені құрады. 2019 жылмен салыстырғанда жобалар санының өсімі 360% - ды құрады», - деді Гүлжан Қалымбетова.

АНЫҚТАМА ҮШІН

БЖК-2025 шеңберінде портфельдік субсидиялау және кепілдендіру:

Ағымдағы жылы бағдарламаға өзгерістер енгізілді және микро және шағын бизнес субъектілерін салалық шектеулерсіз субсидиялау және кепілдендіру құралы іске қосылды. Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме 17,5% - дан аспауы тиіс, оның 6% - ын кәсіпкердің өзі төлейді, 11,5% - ын мемлекет өтейді. Бір қарыз алушыға кредит лимиті – 20 млн теңге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға – 5 млн теңгеге дейін. Қаржыландыру кәсіпкердің қызмет ету мерзіміне қарамастан, кредит сомасының 85% мөлшерінде "Даму" Қорының кепілдігімен жүзеге асырылады.

Бұл құралдың ерекшелігі, банк несиелендірумен қатар "Даму" қорының қатысуынсыз өз жауапкершілігімен субсидиялау және кепілдендіру туралы шешім қабылдайды. Бұл Микробизнес жобаларын қаржыландыру процесін айтарлықтай жеңілдетеді және жеделдетеді. 20.12.2020 ж., жағдай бойынша өңірде жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге портфельдік субсидиялау және кепілдендіруді қолдана отырып, 273 жоба қаржыландырылды.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
109

Еще по теме

БИЫЛ МАҢҒЫСТАУДА «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ - Yvision.kz