kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

БІТЕР ІСТІҢ БАСЫНА...

Алдын-ала аудандық партия филиалының ресми парақшасы арқылы үстіміздегі жылдың 17-наурызы күні партия филиалында аудандық мәслихат депутаты, "Волковгеология" АҚ N5 Геологиялық барлау экспедициясының басшысы Құрманғали Бекішов пен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры Арман Анарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізетіндігі жарияланған болатын. Делінген уақытында жоғарыда аталған тұлғалар Шолаққорған ауылдық округінің бірқатар азаматтарын қабылдап, мәселелерін тыңдады. Емделуге қажетті дәрі-дәрмек алу, тұрғын үймен, қатты отынмен қамтамасыз ету, т.б. мәселелерін алға қойған аудан тұрғындарының мәселесі іс басында шешімін тауып, өтініш иелері халық қалаулысы мен палата филиалының басшысына өз ризашылықтарын жеткізді. Қабылдауға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов, жауапты қызметкерлер А.Омарбекова, Н.Қошқарбаевтар қатысты.