БИСЕНДЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға бағытталған аудандық штаб мүшелері өз жұмыстарын бастап кетті. Бөкей ордасы аудандық штабтың мүшелері Бисен ауылында тұрғындармен кездесті. Кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаяны мен еңбек жолдары, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Үміткердің "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ" атты 7 жылдық бағдарламасының аталуының өзі барлық азаматтарға бағытталғандығын, -Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтермекпін. Алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап болмақ, сонымен бірге сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұрақтылығымызды күшейтпек.
Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек, - деп басталуының өзінде үлкен мән жатқандығын айтты. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселелер:• Ауылды жедел дамытуға басымдық береміз.
• Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлейміз.
• 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бөлеміз.
• Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу және ірі қаладағы өткізу нарығына қол жеткізу үшін жеңілдіктер береміз;
• Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын тартамыз, нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады.
• Суару алаңын екі есе арттырып, оны кемінде 2,2 млн гектарға дейін жеткіземіз.
• 3,5 мың шақырым суару каналдарын қайта жөндейміз.
• 4 текше шақырым суды жинақтауға мүмкіндік беретін жаңа 25 су қоймасын саламыз, қолданыстағы 16 су қоймасын жөндеуден өткіземіз, - дегені елді-мекендердің дамуына, ауыл тұрғындарының күнкөрісінің ұлғаюына үлкен қолдау, оң серпін екендігін жеткізіп, халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды.
#Toqaev2022
